NewsPRESS RELEASEБилікСаясат

Мақтаарал ауданында құқықтық көмек көрсетілуде

Қаралым: 37
       Мақтаарал ауданы прокуратурасының бастамасымен «Құқықтық дәріхана» жобасы аясында тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес беру жұмыстары жүргізілуде.
        Қазан айы бойы әр сәрсенбі күні аудан прокуратурасы Халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Мансап» орталығында азаматтарды қабылдап, еңбек, әлеуметтік, жер, отбасы және өзге де құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді.
       Жобаның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтарын қорғауға жәрдемдесу және өзекті мәселелерін шешуге қолдау көрсету.
        Мақтаарал ауданы прокуратурасы тұрғындарды құқықтық сауаттылығын арттыруға шақыра отырып, белгіленген қабылдауларға белсенді қатысуға үндейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *