Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЕТІСАЙЛЫҚ ҰСТАЗ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚОЛЫНАН МАРАПАТ АЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖЕТІСАЙЛЫҚ ҰСТАЗ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚОЛЫНАН МАРАПАТ АЛДЫ

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ҰСТАЗ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚОЛЫНАН МАРАПАТ АЛДЫ

            Ұстаздық – ұлы миссия. Осы бір қадірлі жолда аянбай еңбек етіп келе жатқан Түркістан облысы, Жетісай қаласының тәжірибелі педагогы Ұлжан Райымбекова Мемлекет басшысының қолынан «Қазақстанға еңбегі сіңген ұстаз» медалін алып, ел абыройын асқақтатты. Ұлжан Кеттешқызы – саналы ғұмырын білім беруге ғана емес, жас ұрпақты тәрбиелеуге де арнаған ұлағатты ұстаз. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты маманы ретінде ол өзінің кәсіби шеберлігін дәлелдеген. 28 жылдық педагогикалық өтілі бар ұстаз 2019 жылдың «Үздік педагогы» атағын иеленген.
           Ол – тек пәнді жетік меңгеріп қана қоймай, шәкірт жүрегіне жол таба білетін ерекше педагог. Оның тәлімі мен тәрбиесін көрген жүздеген шәкірт бүгінде ел игілігіне қызмет етіп жүр. Бұл марапат – ұзақ жылғы ерен еңбектің, жас ұрпаққа деген шексіз жанашырлық пен адалдықтың нәтижесі. Бұл тек Ұлжан апайдың емес, барша ұстаздар қауымының еңбегіне көрсетілген жоғары құрмет деп білеміз. Әрбір ұстаз үшін бұл – зор мәртебе, үлкен жауапкершілік.
         Халықаралық деңгейде де мойындалған ұстаз Ұлжан Кеттешқызы – XIX Халықаралық Пушкин байқауының диплом иегері, Краснодарда өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияның қатысушысы, АҚШ-тың Бостон қаласында ұйымдастырылған халықаралық конференцияда білімін көрсеткен педагог. Оның авторлығымен жарық көрген «Есть идея! Жақсы сабақтың он белгісі» атты әдістемелік құралы – жаңашыл педагогикалық ой-пікірлерге толы, сала үшін құнды еңбек. Ол әріптестерімен тәжірибе бөлісіп, білім беру сапасын арттыруда үнемі тың ізденіс үстінде жүр. Сонымен қатар ол «Педагогическая слава» атты халықаралық энциклопедияның І дәрежелі медалі мен дипломының, ҚР БҒМ-нің алғыс хаты мен бірнеше марапаттардың иегері. «3-сыныпқа арналған орыс тілінен стандартты емес тапсырмалар» әдістемелік ұсынымы үшін де арнайы дипломмен марапатталған.
         Ұлжан Райымбекова – білімімен де, адами болмысымен де дараланған тұлға. Оның еңбегі – жас ұрпаққа үлгі, болашаққа бағдар. Осындай педагогтарымыздың еңбегі бағаланып, ел алдында марапатталуы – білім саласына, ұстазға деген шынайы мемлекеттік құрметтің айқын көрінісі.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1