Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МАҚТААРАЛДА МАҚТА ТЕРІМІ БАСТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » МАҚТААРАЛДА МАҚТА ТЕРІМІ БАСТАЛДЫ

МАҚТААРАЛДА МАҚТА ТЕРІМІ БАСТАЛДЫ

       «Ақ алтынның» отаны саналған Мақтаарал ауданында мақта терімі басталды. Ең бірінші болып Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қанат Айботаев басшылық жасайтын «Айбота» шаруа қожалығы алажаздай өсірген өнімін жинап бастады.
           5 гектар жерге «Мақтаарал-4011» мақта сортын еккен қожалық агротехникалық шараларды толық орындаудың арқасында бірінші терімнің өзінде 25 центнерден өнім алуда. Мақта теріміне жергілікті ауыл тұрғындары қатысып, келісіне 30 теңгеден еңбекақылары төленуде. Қожалық басшысы жинаған өнімін «Cotton-Мақта» ЖШС мақта өңдеу зауытына өткізбекші екен.
           «Биыл мақтааралдық шаруалар жалпы 35 мың гектардан аса жерге мақта шитін себкен болатын. Қазігі таңда диқандарымыз мақтаға қажетті агротехникалық шараларды аяқтап, мақта жинау науқанын бастап кетті. Аудан бойынша 3 мың гектардан астам мақталық алқапқа дефоляция жұмыстарын жүргізілген. Мақта жинау техникалары, мақта зауыттары мен қабылдау бекеттері толық дайын тұр. Күзгі жиын-терім науқанын сәтті өткізу — бәріміздің ортақ міндетіміз!» — деді ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Баязит Әлімқұл.
            Мақта терім науқанына дайындау үшін комбайндарға жөндеу жұмыстары толықтай жүргізілген. Жалып аудан бойынша мақта теріміне 567 доңғалақты  трактор, 850 дана тіркеме және 162 дана мақта терім машинасы қатысады деп күтілуде. Осының арқасында мақтаны машиналық әдіспен теруді 70%-ға жеткізу жоспарланып отыр.
            Биыл ауданда мақта өңдейтін 8 зауыт және 64 мақта қабылдау бекеті шаруаларға қызмет көрсету үшін жиын-терім науқанына толық дайын. Сондай-ақ, күзгі дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен жанар жағармай шаруаларға таратылуда.
 Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1