«Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз» — демекші, адам өзі таңдаған кәсібін терең меңгергенге не жетсін?
Біреулер үшін –ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін-жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзінің қабілетін, өз бейімділігін тану қажет.Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
Мына өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау оңай емес. Ең бастысы-адам еңбекке қабілетті,зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс, таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
Нұрсұлу ОСИМОВА,
С.Датұлы атындағы №23 ЖББМ-нің кәсіптік бағдар беруші педагогы, Мақтаарал ауданы.