Білім саласыЖас буынҚоғам

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Қаралым: 16
      Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан  тұлға тәрбиелеу.
      Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек  бос уақытын тимді пайдалану. Осы заманғы шебер мұғалім білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы, оқыту мен тәрбиенің соңғы жетістіктерін меңгерген педагог қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы қабілетті және ескі сүрлеуден арыла алатын, нақты тәжірибелік іс- әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл, зерттеуші, ойшыл педагог болуды қажет етеді.
       Дарын – адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Дарындылық бала бойындағы асқан алғырлық, зеректік. Табиғи дарынды бала алдымызға қашан келеді күтудің қажеті жоқ, керісінше, балалардың бойындағы қабілетті ашып, болашақ қоғамның бір-екі, одан да көп тұлғасын дайындау жолында еңбек етуіміз қажет.
       Дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, саралау, ғылыми-әдебиеттердің сараптамасы негізінде дарынды балалардың сипаттамасын беру, балалардың дарындылық қасиеттерін анықтауға арналған әр түрлі әдістемелерді жинақтау қажет,
       Мектеп қабырғасында оқушылар жақсы да, жаман да оқиды. Ал адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты-табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену. Демек, табиғи таланттарды ашу жас талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет.
Ғабит ЗИЯХАНОВ,
 «№50 Үлгілі жалпы білім беретін мектеп» ЖББМ-нің қосымша білім беру педагогы, Мақтаарал ауданы. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *