Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЕТІСАЙ ЖҮЗІМДЕРІ РЕСПУБЛИКАДА ЖОҒАРЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » ЖЕТІСАЙ ЖҮЗІМДЕРІ РЕСПУБЛИКАДА ЖОҒАРЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ

ЖЕТІСАЙ ЖҮЗІМДЕРІ РЕСПУБЛИКАДА ЖОҒАРЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ

          Жетісай ауданы негізгі табысын ауыл шаруашылығы саласы құрайтын аграрлы аймақ. Ерте көктемнен бастап тыныс тіршілігі қайнап жататын өңірде шаруалар үшін еткен бейнеті ақталып, қырманның берекелі болуы бірінші орында.
          Аудан халқының тыныс-тіршілігі мен ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау мақсатында Мұрат Болатұлы арнайы Жылы су ауылдық округінде орналасқан «Erte-Agro» ЖШС ат басын бұрып қайтты. Аталмыш шаруа қожалықтағы жүзім өнімдері республика төңірегінде сатылымға шығаруда.
         «Шаруа қожалығымыз өз негізін 2017 жылы қалады. 2018 жылы арнайы Украина мемлекетінен «Аркадия», «Лидия», «Байқоңыр», «Анюта», «Велес», «Кодрянка», «Преображение», «Академик», «Дубовский» сынды 9 жүзім сортының көшетін алдырып, 33 гектар алқапқа отырғызып шықтық. Алқапқа егілген жүзімнің барлығы асханалық сортқа тиесілі. Жүзім бағымызға тамшылатып суғару әдісін қолданамыз, қазіргі таңда негізгі 4 техника жұмыс атқаруда. Өнімнің өсіп өнуі үшін қажетті бағаналарды да өзіміз арнайы техникамен қолдан құю арқылы шығарамыз. Өндірілген өнімді қазіргі таңда облыс орталығы Түркістан қаласы мен мегополис Шымкент қаласына жөнелтіп жатырмыз. Сол екі қала арқылы республика көлеміндегі барлық қалаға таратылуда. Жетісайдың жүзімі қазіргі таңда жоғары сұранысқа ие» — дейді «Erte-Agro» ЖШС төрағасы Сұлтан Ерболұлы.
         Жүзім шаруашылығында бүгінде 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Орташа жалақылары 60-100 мың аралығында. 2021 жылы 400 тн өнім алған болса, биыл 500 тн астам өнім алу жоспарлануда. Нарықтық бағасы орта есеппен 350 теңге.
       Еңбеккеш шаруалардың еңбегін жоғары бағалаған аудан басшысы өңірде жүзім шаруашылығын дамытуды қолға алуды тиісті мамандарға тапсырып, негізгі бағыт бағдар болуға «Erte-Agro» ЖШС үлгі екендігін атап өтті.
       Айта кетейік, биыл ауданда 79 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде: 49,5 мың гектарға мақта, 19 мың гектар алқапқа бақша, 3,5 мың гектар жерге көкеніс дақылдары егілген болатын.
Бауыржан НАЙМАНОВ, 
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1