Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЕТІСАЙДА ҚҰНЫ 8,5 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН САУДА-ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » ЖЕТІСАЙДА ҚҰНЫ 8,5 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН САУДА-ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНАДЫ

ЖЕТІСАЙДА ҚҰНЫ 8,5 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН САУДА-ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНАДЫ

           Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы ауданға ірі жобаны жүзеге асыруға ниетті «CITY DEVELOPMENT» ЖШС басшысы Нұрмағамбетов Ерлан Әлқуатұлымен кездесті. Кездесу барысында қос тарап құны 8,5 млрд теңгені құрайтын «JETISAI PLAZA» жобасын талқылады. Француз архитекторы Марио Бартилланың қос өабатты бұл жобасы 25 200 шаршы метр аумаққа орналасатын болады. 1300-ге тарта азаматты тұрақты жұмыспен қамту көзделіп отыр. 1000 автотұрағы бар сауда-демалыс орталығының жанынан заманауи аквапарк пен 14 тұрғын үй, балаларға арналған ойын және спорт алаңшалары салынатын болады.       Бұған дейін Қазақстанның түкпір-түкпірінде 20-дан астам ірі сауда-демалыс орталықтарын салған «CITY DEVELOPMENT» ЖШС құрылыс жұмыстарын 2022 жылдың мамырында бастап, 8 айда елдің игілігіне тапсырмақ.
        «Бұл жобаның жүзеге асуы біз үшін өте тиімді болмақ. Біріншіден, 1300-ге тарта тұрғын тұрақты жұмысқа орналасса, екіншіден кәсіпкерлеріміздің арасында бәсекеге қабілетті орта қалыптасады. Үшіншіден, жергілікті бюджетке қомақты салық түседі. Тұрғындардың бос уақыттарын көңілді өткізулеріне жағдай жасалады. Төленген салықтардың есебінен жолдарымызды жаңалап, ауыз суымызды жүргіземіз. Елдің игілігіне жұмсаймыз. Біз жаңашылдықтан, қоғам сұранысынан қалыс қалмауымыз керек» деді аудан басшысы.
          Сауда-демалыс орталығында кинотеатр мен балаларға арналған ойын орталықтары, асханалар мен мейрамханалар, отандық және шетелдік тауар өндірушілерінің өнімдеріне арналған сауда нүктелері, күнделікті тұтыну және техникалық заттар дүкендері жұмыс жасайтын болады.
          Аудан әкімі Мұрат Болатұлы инвесторлардың ұсынған жобаларына қатысты пікірін айтып, жергілікті әкімдік тарапынан толықтай қолдау көрсететіндігін жеткізді. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге қажетті инфрақұрылымдарды жеткізіп беріп, жолдарды кеңейтуді де қарастыру керектігін жауапты бөлімдерге тапсырды.
          Айта кетейік, «JETISAI PLAZA» жобасы – еліміздегі аудан орталықтарында ашылатын алғашқы сауда-демалыс орталығы болмақ.
Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1