Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АППАРАТ БАСШЫСЫ ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » АППАРАТ БАСШЫСЫ ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

АППАРАТ БАСШЫСЫ ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

        Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облыстық департаментінің бастамасымен жер-жерлерде келелі кездесулер өтіп, адалдық, парасаттылық, мемлекеттік қызмет саласындағы оңтайландырулар мен заңбұзушылықтардың алдын алу, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, мәдениетті қалыптастыру мәселелері жайында түрлі деңгейлерде кездесулер өткізілуде.
        Сондай кездесулердің бірі – Жетісай ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында өтті. Мұнда аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Есенкелді Алданиязов пен «Жетісай Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұрлыбек Мутаев аудан әкімі аппаратының жас мемлекеттік қызметшілерімен, жастармен кездесті.
         Кездесу барысында елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен заңнамалық актілеріне, жемқорлық белгілері болып табылатын жағдаяттарға, мемлекеттік қызметкердің этикасы мен қатаң сақтауы тиіс ережелерге, талаптарға тоқталды. Қызметтік бабын асыра пайдаланып, жеке бас пайдасының табысын арттыруға жасалған қылмыстардың салдарымен, заңда белгіленген жауапкершіліктермен таныстырылды. Қандай да бір заңсыздықтарға жол берілген жағдайда қолданылатын жазаның да қатаң екендігін ескертілді.
        Жас мемлекеттік қызметшілермен еркін форматта өткен жиын барысында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Жастарды елдегі сыбайлас жемқорлықпен бірігіп күресуге шақырды.
Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1