Білім саласыЖас буынҚоғамРуханият

ДАРЫНДЫ ТҰЛҒА

Қаралым: 79
        Жуырда кітапханамызда біздің еліміз егемендікке қол жеткізген алғашқы сәттерде жалынды туындыларымен көпшілікке кеңінен танымал болған жазушы-журналист Төрекелді Байтасовтың өмірі мен шығармашылығына арналған мәдени кеш болып өтті.
       Осы шараның мақсаты: оқушыларға мемлекетіміз Егемендікке енді қол жеткізген кездері Төрекелді Байтасовтың ұлттың санасына серпіліс әкелген үлкен тұлға болғандығын айтып түсіндіру және де сонымен бірге оның  өмірі мен кітаптарын кеңінен насихаттау болды. Сондай-ақ, олардың бойларына адамгершілік, рухани қасиеттерді сіңіру, адамдарға жақсылық жасай білуге, кез-келген ортада өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру болды,
        Іс-шараның негізгі бөлімінде мен оқушыларға Төрекелді Байтасовтың өмірі мен шығармашылығына қатысты кеңінен ақпараттар беріп, оның кітаптарымен таныстырдым. Мектеп оқушылары – Айжан Тұрсынбек, Айжан Мұса, Қуаныш Сапарбай мен т.б. Төрегелді Байтасовтың шығармалары мен кітаптарынан жасалған көрмені тамашалап, өз ойларымен бөлісті.
       Т.Байтасов ғұмырында санаулы туындыларды ғана өмірге әкелсе де, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің оқырман қауымы оның ой толғамдарын әлі де ұмытқан жоқ. Себебі оның журналистика саласындағы қызметі ұшан-теңіз. Сонымен бірге өнерді, тарихты қозғаған Төрекелді Байтасов «Ұйқы ашқан ойлар», «Көктөбе сағымдар» мен т.б. кітаптар мен жинақтарды жарыққа шығарды.
       №36 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сейдана Тастемирова біздің осы шарамызды қорытындылай отырып, оның жас буынға берер маңызы зор екенін айтты және де шараның жоғары деңгейде өткені үшін оны ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді.
У.ЕРНАЗАРОВА,
Атакент кенті  — 2, филиал № 10  кітапханасының кітапханашысы.
(Сурет Kitap.kz сайтынан алынды).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *