«Жеті атасын білмеген білмеген ер жетесіз»
Жеті ғасыр тарихын білмеген ел тексіз, демекші әр елдің өзінің тарихы, қандарына сіңген әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері бар жәнеде осы күнге дейінгі сақталу деңгейі мен заманына қарап сан алуан түрлі өзгерістер еніп ертеден келе жатқан дәстүрлері де уақыт өте келе қолданыстан тыс қалып, ұмыт болып жатқаны да бар.
Тарих бұл — өткен өмірдің бірден бір жаршысы, сол өмірдің мұңы мен қуанышы да осы тарихта бейнеленген оны қадірлемеу елін қадірлемеу деп санаймын. Жастардың бойында патриоттық рухты қалыптастыруда тарихтың орны ерекше болып табылады. Себебі тарихты оқу арқылы әрбір саналы адам өз елінің өткенімен танысады, ондағы болған мән жайларды, қазіргі заманға жету жолындағы бастан кешкен қиындықтармен танысады егерде сол тосқауылдардан өте алмаған жағдайда ел басына түсуі мүмкін болған жағдаяттар жөнінде өз пікіріне ие болады.
Ғ.БАЙБАТША,
Жетісай АПҚБ-нің инспекторы,
әділет лейтенанты.