Әлеумет

АҚ ОРАМАЛ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Қаралым: 227
            Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толуына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қолға алынған «Ақ орамал» республикалық акциясы Мақтаарал ауданында өткізілді. «Қазақ елінің тарихында философиялық мағынасы терең «Ақ oрамал» акциясының негізіне дана халқымыздың ежелгі дәстүрі – татуластыру салты алынған. Яғни, әйел-ананың басындағы орамалын шешіп, жауласушылардың ортасына тастауы олардың жанжалды тоқтатуына себеп болған. ​​​ ​              «Ақ орамал» акциясын өткізу арқылы қазақстандықтарды этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру. Осы мақсатта аудандық Аналар кеңесі Мақтаарал аудандық «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлесіп​ дүниеге нәресте әкелген жас аналарға ақ орамал жауып, сый-сияпат жасады. Дүние есігін жаңа ашқан сәбилер елдің елеулі азаматы болсын деп ақ батасын берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *