NewsPRESS RELEASEЖаңалықтарСаясат

«БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚ» ИДЕОЛОГЕМАСЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Қаралым: 148
       Абай облысында партия активінің жергілікті колледж студенттерімен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу мақсаты – қоғамда бірлікті нығайту мен өзара қолдаудың маңызын түсіндіру, сондай-ақ, «Бірлік пен ынтымақ» идеологемасының мәні мен мазмұнын азаматтарға түсіндіріп, жеткізу.
       Шараға, партия өкілдері мен жастар қанатының белсенділері қатысты. Кездесуді ашқан ұйымдастырушылар, қазіргі таңда, ел дамуының ең негізгі тірегі саналатын тұрақтылық пен ынтымақ мәселесіне басым назар аударылатынын атап айтты.
        Сөз сөйлеушілер өз сөздерінде ел бірлігінің, қоғамдық келісім мен өзара сыйластықтың мемлекет тұрақтылығының басты кепілі екенін айтты. «Бірлік пен ынтымақ» идеологемасы – ұлттың рухани тұтастығын, азаматтардың ортақ мақсат жолындағы еңбегін біріктіретін идея ретінде қарастырылды.
         Іс-шара барысында, қатысушылар, қазіргі қоғамдағы азаматтық жауапкершілік, ұлттың мәдени және рухани құндылықтарын сақтау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту мәселелерін де талқылады. Сонымен қатар, жастардың ел болашағына белсенді араласуы мен патриоттық тәрбиенің рөлі сөз болды.
       Кездесуге қатысушы жастар қауымы мұндай түсіндіру шаралары қоғамның рухани және әлеуметтік тұтастығын арттыруға, әр өңір тұрғындарының ел дамуына қосатын үлесін күшейтуге ықпал ететінін атап өтті.
        Шара қорытындысында, қатысушылар мен ұйымдастырушылар «Бірлік пен ынтымақ – елдің тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі» деген ортақ ойға тоқталып, ортақ фотосуретке түсіп тарқасты.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *