Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ «ЕҢБЕК АДАМЫ» ИДЕЯСЫН ТҮСІНДІРУ АЯСЫНДА ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ «ЕҢБЕК АДАМЫ» ИДЕЯСЫН ТҮСІНДІРУ АЯСЫНДА ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ «ЕҢБЕК АДАМЫ» ИДЕЯСЫН ТҮСІНДІРУ АЯСЫНДА ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

           Абай облысында «Ауыл» партиясының өңірлік филиалы «Еңбек адамы» идеясын түсіндіруге арналған кездесу өткізді. Іс-шараға, партия активі мен жергілікті қарапайым жұмысшы тұрғындар қатысып, еңбекқорлық, адалдық және жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарды дәріптеу мәселелерін өзара талқылады.
          Кездесудің мақсаты – қоғамда еңбек адамын қолдау, қарапайым еңбек иелерінің қоғамдағы мәртебесін арттыру және жастарды адал еңбекке шақырып, тәрбиелеу.
            Партия өкілдері өз сөздерінде еңбек мәдениетін қалыптастырудың, кәсіби мамандардың беделін көтерудің және ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласында адал еңбектің маңызын атап өтті. Сонымен қатар, еңбек адамын қоғамның басты қозғаушы күші ретінде тану қажеттігіне ерекше назар аударылды.
         – «Еңбек – елдің тірегі, ал, еңбек адамы – қоғамның арқауы. Әрбір азаматтың өз ісіне адал болуы, кәсібін сүйіп атқаруы – ел дамуының кепілі. Сондықтан да, біз, «Еңбек адамын» үлгі тұтып, оны қоғамда лайықты дәрежеде бағалауымыз қажет», – деді партия өкілі өз сөзінде.
        Іс-шарада, қатысушылар «Еңбек адамын» қолдаудың нақты тетіктерін, оның ішінде кәсіптік білім беруді жетілдіру, еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік жағдайды жақсарту және жастар арасында еңбекке құрмет сезімін қалыптастыру бағыттарын талқылады.
         Кездесу Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жүзеге асып жатқан бастамалармен үндеседі. Мемлекет басшысы өз Жолдауында еңбек адамының мәртебесін көтеру және қоғамдағы әділетті еңбекақы жүйесін қалыптастырудың маңыздылығын атап өткен болатын.
         Аталған шара, осы бағыттағы нақтылы қадамның бірі. «Еңбек адамы» идеясын насихаттау арқылы партия өкілдері елдің әлеуметтік және рухани дамуының басты құндылығы – адал еңбек екенін кеңінен түсіндіруді мақсат тұтады.
        Кездесу барысында, еңбек мәдениеті, кәсібіне адал болу және еңбек адамының қоғамдағы беделі туралы маңызды ойлар өңірлік филиал өкілдері тарапынан айтылып өтіп, жиылған әлеумет бұл кездесу соңында осындай игі істерге мұрындық танытатын шаралар көптеп ұйымдастырылса деген ізгі ниетпен тарады.
         Бұл кездесудің еңбек мәдениетін дәріптеу, жастарды еңбекке баулу және қоғамда ізгілік пен еңбексүйгіштікті нығайту бағытында маңызы зор болып саналады.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1