Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АУДАНЫМЫЗДА МАҚТАНЫҢ ЖАҢА СОРТЫ ЖАЙҚАЛЫП ӨСУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Анонсы » АУДАНЫМЫЗДА МАҚТАНЫҢ ЖАҢА СОРТЫ ЖАЙҚАЛЫП ӨСУДЕ

АУДАНЫМЫЗДА МАҚТАНЫҢ ЖАҢА СОРТЫ ЖАЙҚАЛЫП ӨСУДЕ

           Мақта-тоқыма кластерімен айналысатын өзбекстандық ең ірі компания – «Global textile» компаниясы, Түркістан облысы әкімдігімен жасалған екі жақты іскерлік келісім аясында 2023 жылдан бастап ауданымыздың нарығында жұмыс істеуге кіріскен болатын. Ал биыл осы компания біздің ауданымызда 3 мың гектарға жуық жерге өзбекстандық «Наманган» тұқым сортын жеткізіп, күзге қарай аталған сорттың мақта талшығын сатып алуды жоспарлап отыр.
             Ерте көктемнен бері диқандарымыздың тарапынан жүргізілген жұмыстардың арқасында мақтаның осы «Наманган-77» сорты жерсініп қана қоймай, жайқалып өсіп жатыр. Мақтаның бір бұтасында 20-дан астам жеміс элементтері (бүршіктер, гүлдер) дамуда. Мамандар егер де бәрі жоспардағыдай болса, онда мақтаның әр гектарынан орта есеппен 50 центнерден жоғары өнім алынады деп болжап отыр. Бір айта кететін жайт, мақтаның көлемі ғана емес, сапасы да жақсаруда.
       Түркістан облысы әкімдігі мен өзбекстандық инвестор бірігіп, ауданымызда 2 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтитын 5 ірі кәсіпорынды іске қосуды жоспарлап отыр. Ол үшін 2023-2027 жылдарға арналған «Global textile.Turkistan» жобасы дайындалып, соның аясында жұмыстар жүргізілуде. Жалы құны 21 миллиард теңгені құрайтын бұл жобаның аясында логистика хабы, мақтаны бастапқы өңдеу зауыты, трикотаж мақта фабрикасы, мата бояу фабрикасы және тігін фабрикалары іске қосылады деген жоспар бар. Бүгінде аталған компания ауданымызда өздерінің алғашқы мақта қабылдау пунктін ашып жатыр.
          «Global textile» – мақтаның шитінен бастап жіп иіру, мата тоқу, киім тігуге дейінгі аралықтағы кластерді толық қамтитын компания. Қазіргі уақытта компанияның Ташкент қаласы мен Ферғана облысындағы 15-ке жуық кәсіпорынында 5 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
С.ҚУАНЫШБЕК, Мақтарал ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1