№5 «Мақтаарал мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде белгіленген жоспарға сәйкес қосымша білім беру педагогы Алия Нұрсейітованың ұйымдастыруымен «Өнегелі отбасымен жүздесу» тақырыбында Атакент кентіндегі өнегелі Шалқаровтар отбасымен кездесу өтті.
Жүздесуді өткізудегі мақсат – көпшілікке үлгі болуға лайық өнегелі отбасыны көрсету арқылы оқушыларға тәлім- тәрбие беру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңіру еді.
Рыскүл Шалқарова апай «Қыз бала үйде – алтын, жұмыста – күміс, тұрмыста – темір» деген өнегелі сөзді мысалға келтіріп, қыз баланың тәрбиесіне қатысты ақыл-кеңесін жеткізді.
Кездесуде шаңырақ шаттығы мен ұлттық тәрбиені ұлықтайтын бүгінгі күнге аман-есен жеткен ұлттық салт-дәстүрлеріміз туралы кеңінен әңгіме болды.
Алдағы уақытта осындай үлгілі отбасылармен кездесулеріміз жалғасын табатын болады.
С.КЕНЖЕТАЕВ, Атакент кенті.