Жуырда өткен «Тіл- ұлт байлығы,ел қазынасы» онкүндік іс-шарасының жоспарына сәйкес 5 және 6 сыныптар арасында «Язык — богатство народа» тақырыбында орыс тілі пәнінен сайыс сабағы өткізілді.
Сайыс сабағы оқушылардың тіл үйренуге қызығушылығын арттыру, сөздік қорын байыту, оқушылардың ой өрісі мен дүниетанымын кеңейту, орыс тілінде еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға күш салдық.
Осы сабақ барысында «Білгенге маржан», «Жеті жұрттың тілін біл», «Білсең, тауып көр» атты әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылар орыс және қазақ тілдерінің арасындағы өзара байланыстың маңыздылығына тағы бір рет көз жеткізе білді.
Тіл қарым-қатынас құралы болуымен бірге, оны тұтынушы халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық болмысын, мәдени байлығын, сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып жеткізуші қызметін атқаратындығы оқушыларға түсіндірілді.
Сайыс сабақтың қорытынды бөлімінде белсенді қатысқан оқушылардың білімі бағаланып, марапаттауға ұсынылды.
Мадине МЫРЗАЛИЕВА,
Қажымұқан атындағы №11 ЖББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Мақтаарал ауданы.