Deprecated: Optional parameter $depth declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Deprecated: Optional parameter $args declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

          4 қазан күні Астана қаласына Түркиядан Анталья журналистер одағының төрағасы Идрис Таш бастаған арнайы делегация келді. Түркітілдес журналистер қоры шетелдік меймандарды әуежайдан күтіп алды. 4-7 қазан арасында болатын жобада ресми кездесулер, Астанаға пресс тур мен экскурсия ұйымдастырылды.
       Түркітілдес журналистер қоры мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (World Foreign Press Association — WFPA) «Шеврон» компаниясының серіктестігінде 2023 ж. 5 қазан күні Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада БАҚ өкілдерінің басқосуы мен «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбына семинар-тренинг өткізді.
            Делегация құрамында «ТРТ» телеарнасының Анталья филиалы басшысы Мухаммед Ахмет Өджал, «Аkdeniz manşet» және «Іleri» газеттерінің қожайыны Мехмет Шифа Чичек, , «ТРТ» телеарнасының продюсері  Хайреддин Дениз, «Анадолы агенттігі» тілшісі Сүлейман Эльчин, «Hürses» газетінің қожайыны Эрсин Айдын, «Кemer sözcü» газетінің қожайыны Ахмет Дуран Йенигүн,  Акдениз университеті журналистика факультеті деканының орынбасары Ышык Түнчел бар.
          Қор жанынан құрылған Медиа тренерлер мектебінің мүшесі, Түркиядағы Акдениз университеті Журналистика факультетінің аға оқытушысы Ышыл Түнчел «Дата журналистика» туралы тәжірибесімен бөлісті.
         Медиа тренерлер мектебінің мүшесі, кәсіби журналист, IT саласының маманы Мейіржан Әуелханұлы «Журналистикадағы жасанды интеллект» туралы тәжірибесімен бөлісті. Жасанды интеллект арқылы қалай контент жасап үйренуді түсіндіріп, тәжірибе жүзінде көрсетті.
          Анталия журналистер одағы делегациясы іскерлік сапар барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры»,  «Қазақстан» РТРК» АҚ-да  арнайы кездесу ұйымдастырып, отандық телеарнаның жұмысымен танысты. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне арнайы барды. Түркия TRT телеарнасының Қазақстандағы филиалының жұмысымен танысты.
         Сондай-ақ, бірнеше күнге жалғасқан сапар аясында шетелдік меймандардың Еуразия Ұлттық университеті Журналистика факультетінің студенттерімен де кездесулер өткізілді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1