Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
IT-МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ «DATATHON 2023» ХАКАТОНЫ ӨТЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » IT-МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ «DATATHON 2023» ХАКАТОНЫ ӨТЕДІ

IT-МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ «DATATHON 2023» ХАКАТОНЫ ӨТЕДІ

           2023 ж. 14-15 қазанда деректерді құру және модельдеу, жасанды интеллект енгізу және үлкен деректер негізінде аналитикалық кейсті жүзеге асыру бойынша IT-мамандарға арналған ауқымды «Datathon 2023» Хакатоны өтеді. «ҰАТ» АҚ компаниясы жас мамандардың креативті шешімдерін сатып алуға дайын.
Іс-шараның басты мақсаты – Smart Data Ukimet мемлекеттік жобасына талантты жас мамандарды мен олардың шешімдерін тарту.
Хакатон 3 бағыт бойынша оффлайн режимінде өтеді, олардың әрқайсысында әр бағыт бойынша оңтайлы шешім табу қажет.
18 жастан асқан барлық IT мамандар, тіпті командалар қатыса алады (бір командада 4 адамнан). Өтінімдер 10 қазан сағат 23.59-ге дейін қабылданады.
Жалпы жүде қоры: 3 000 000 теңге. Әр тапсырма бойынша 1 орын үшін жүлде – 1 000 000 теңге.
Қатысу үшін осы сілтемеге өтуге болады.
          Сарапшылар жұмыстарды үш критерий бойынша бағалайды: дұрыс жауап, шығармашылық шешім және үлкен деректермен жұмыс.
          Хакатон қорытындысы 2023 ж. 15 қазанында жарияланады.
          Байланыс үшін: +7 775 653 56 60 Айбек Аширбеков.
          Smart Data Ukimet (SDU) — мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жинақталатын деректерді жинауға, сақтауға және кешенді талдауға арналған ақпараттық-талдау жүйесі. Бүгінгі таңда SDU-да мемлекеттік деректер базасының 77 көшірмесі бар.
          2022 жылы SDU жобасы DAMA Kazakhstan – «Мемлекет деңгейінде деректерді басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясын жеңіп алды. Жоба кәсіпқойлардың үлкен қызығушылығын тудырды, ол күрделі ковидтік кезеңдерде Қазақстанға үлкен пайда әкелді, мемлекеттік деңгейде деректерді талдау мен басқарудың маңыздылығын арттырды.
«ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы.
www.nitec.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1