Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » «УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ

«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ

        Биылғы  жылдың 1 қыркүйек-1 желтоқсан аралығында біздің республикамыздың аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.  Оның барысында белгіленген кестеге сәйкес, есепте тұрған сотты болғандармен профилактикалық мәні бар тәрбиелік жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, олардың туыстары мен есепте тұрғандардың түзеліп, тезірек оң жолға түсулеріне ықпал ете алатын адамдармен де тиісті  әңгімелер  өткізілуде.
            Осы жедел-профилактикалық іс-шара аясында біздің  ауданымызда да мамандарымыз учаскелік инспекторлармен бірлесе отырып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бізде есепте тұрған азаматтардың шын мәнінде де өздері көрсеткен мекен-жайларда тұратындары анықталды. Олардың ішінде тұрақты жұмыспен  және өздерін-өздері жұмыспен қамтып,  үй-іргелік учаскелерінде және өз аулаларында төрт түліктерді өсірумен айналысып жатқандары да бары расталды. Олармен арнайы кесте бойынша тәрбиелік мәні бар сұқбаттар жүргізіліп, жазаларын өтеулерінің ережелері мен қандай жағдай болмасын әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеулері керектіліктері түсіндірілді.
         Келешекте де біздің қызметтің есебінде тұратын азаматтардың арасында осындай бағыттағы басқа да тиісті жұмыстар жүргізіле береді. Сол жұмыстардың нәтижесінде пробациялық есепте тұратын азаматтар тезірек түзу жолға түсіп, қоғамымыздың лайықты азаматтары айналары анық.    
С.ОРАЗӘЛІ,
Жетісай аудандық пробация
қызметі бөлімінің инспекторы,
әділет аға лейтенанты. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1