ҚоғамҚылмыс пен жаза

ТӘРТІПКЕ БАС ИГЕН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ!

Қаралым: 38
          Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың биылғы дәстүрлі Жолдауында, ауырлығы жеңіл қылмыстар мен теріс қылық жасағандар үшін жаза тағайындау барысында оларды қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын кеңінен қолдануға нұсқау берген болатын.
           Бүгінгі таңда Жетісай аудандық пробация қызметінде сот үкімдерімен қоғамдық жұмыстарға тарту бойынша жыл басынан 17 адам өтті. Барлық адамдар жергілікті әкімдіктерге жолданылып, қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын жүргізу, бау-бақшаларда жеміс ағаштарын отырғызумен айналысып, жазаларын өтеуде. Солардың ішінде Г.(Жаңабаева) есімді азаматша ҚР ҚК-нің 296-бабы 1-бөігі және 296-бабы 2-бөлігімен теріс қылық жасағаны үшін Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен 60 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына сотталған болатын.
           Қазірде осы азаматша Жетісай ауданы, Абай ауыл әкімдігінің белгілеп берген елдімекен көшелерін қоқыстан тазалау жұмыстарын атқаруда. Сотталған адаммен қоғамдық жұмыстың орындалуы пробация қызметінің қызметкерлерімен бақылауға алынған.    
Б.ОРАЗБЕКОВ,
Жетісай АПҚБ-нің аға инспекторы,
әділет капитаны.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *