Билік

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Б.АСАНОВ ВАКЦИНА ЕКТІРДІ

Қаралым: 28
         Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов ерікті түрде короновирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының 1-ші компанентін ектірді. Қазіргі таңда аудан басшысының денсаулығы қалыпты, қандай да бір кері әсері болмаған.
         Бүкіл әлемді алқымынан алған пандемияны жеңудің бір ғана жолы — вакцина ектіру. Аудан тұрғындарына үлгі болуы үшін аудан әкімі бастаған Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері түгелдей вакцина ектірді. Оның ішінде аудан әкімінің орынбасарлары – Бейсенбай Төребеков, Сәкен Сұлтанханов, Алтын Ешанқұлова және аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрбол Саттаров та бар.
           «Құрметті аудан тұрғындары! Пандемияны жеңудің жалғыз жолы – ол вакцинация. Кез келген аудан тұрғыны аудан аумағында коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін ала алады. Ол үшін тіркеу орны бойынша емханаға хабарласып, медициналық тексеруден өту жеткілікті. Барша аудан тұрғындарын вакцина қабылдауға шақырамыз!», — деді Бақыт Насырханұлы.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *