Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
50 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » 50 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

50 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

          1 мамыр — ҚР-ның бірлігі күні қарсаңында Мақтаарал ауданында аз қамтылған көп балалы 50 отбасы баспаналы болды. Аудан әкімі Бақыт Асанов «Нұрлы Жер» бағдарламасы  аясында сатып алынған су жаңа үйлердің кілттерін тұрғындарға ресми түрде табыстады.         
         «Бұған дейін Мырзакент кентіндегі жаңадан бой көтерген мөлтек ауданнан кезекте тұрған 16 отбасыға үй берілген еді. Міне, бүгін аз қамтылған көп балалы 50 отбасының қуанышына ортақтасып отырмыз. Біз алдағы уақытта Мырзакент кентінен көпқабатты тұрғын үйлерді салуға кірісеміз. Осылайша үй кезегінде тұрған мақтааралдықтардың мәселесін жыл сайын шешіп отыратын боламыз. Ендеше, жаңа баспаналарыңызда тек қана қуаныш, тойлар болсын!» — деді Бақыт Насырханұлы.
        Аталған жаңа үйлер А.Қалыбеков ауылдық округі Төрткүл ауылында, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Ырысты ауылында, Еңбекші ауылдық округі Шұғыла ауылында және Бірлік ауылдық округіне қарасты Қ.Пернебаев ауылдарында орналасқан.
         Жаңа үйлердің әрбірінде кіреберіс дәліз, 3 жатын бөлмесі, 1 асхана және санузель бар. Үйлер толықтай жылу жүйесімен, салқын және жылы сумен қамтылған.
           Алдағы уақытта Мырзакент кентін ұлғайтуға арналған жаңа мөлтек ауданнан 5 қабатты 14 тұрғын үй, яғни 740 пәтер салыну жоспарлануда.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1