Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
КӨКПЕКТІДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » КӨКПЕКТІДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КӨКПЕКТІДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

            Көкпекті ауданында «Ауыл» партиясының бастамасымен ауыл шаруашылығына қатысты маңызды кездесу өтті. Кездесуге былтырғы жылы Көкпекті аудандық мәслихатына «Ауыл» партиясы атынан сайланған депутат пен өңірлік партия төрағасы Қайрат Смағұлов қатысты. Басқосуда негізінен егін шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешудің жолдары сөз болды.
           Кездесу барысында, депутат қазіргі таңдағы егін шаруашылығының жағдайына алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, биылғы жыл диқандар үшін қолайлы болмауда. Науқан уақтылы басталғанымен, егін көлемі көңіл көншітпейді. Бұған негізгі себеп – су тапшылығы мен жауын-шашын мөлшерінің айтарлықтай азаюы.
         — Ел көлемінде қалыптасқан құрғақшылық салдарынан егілген өнімнің шығымы мардымсыз. Бұл мәселе Көкпекті ауданында да сезіліп отыр. Ең бастысы – ауданда арнайы бөлінген егістік алқап жоқтың қасы, — деді халық қалаулысы.
        Көкпекті ауданындағы егістік жерлердің жетіспеушілігі тарихи себептермен де байланысты. Бұрын Шығыс Қазақстан облысына қараған Көкпекті ауданы кейін Абай облысының құрамына енген кезде бірқатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер Күршім ауданына қарай тіркеліп кеткен. Соның салдарынан қазіргі таңда, егіншілікпен жүйелі айналысуға мүмкіндік беретін жер көлемі тым шектеулі.
         Аталмыш кездесуде, ауыл шаруашылығы саласына білікті кадрлар жетіспейтіні де атап өтілді. Қ.Смағұлов бұл мәселеге арнайы тоқталып, аймақтық деңгейде ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын оқу орындарын ашу қажеттігін ұсынды.
         — Көкпекті, Үржар, Мақаншы (ішін-ара), Бородулиха, Бесқарағай (бірқатар) секілді аудандарда ауыл шаруашылығын жетілдіру үшін алдымен кадр мәселесін шешуіміз керек. Егер осы өңірлерде арнайы ауылшаруашылық колледждері ашылса, мәселенің түйіні тарқайтыны сөзсіз, — деді партия төрағасы.
          Сондай-ақ, ол мектеп қабырғасынан бастап оқушыларға бағыт-бағдар беру мақсатында ауыл шаруашылығына бейім пәндер енгізу қажеттігін де айтты. Мұндай пәндер арқылы оқушылар арнайы куәлік алып, келешекте ауылға қажет жас мамандар қатарына қосыла алар еді. Бұл, өз кезегінде, өңірдің аграрлық әлеуетін көтеруге сеп болмақ.
          Кездесу соңында, тараптар егіншілік пен мал шаруашылығын қатар дамытып келе жатқан Көкпекті ауданының болашағы үшін нақты жоспарлар мен ұсыныстар қабылдады. Ауылдық өңірлердің экономикалық тірегі – ауыл шаруашылығын жүйелі түрде дамыту, салаға жастарды тарту, инфрақұрылымды жаңарту бағытында жұмыстар жалғасын табады деп сенеміз.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиал баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1