Безгек – әр түрлі плазмодиялар тудыратын қоздырғышы безгек масалардың шағуымен берілетін (трансмиссивтік механизммен) берілетін қызбаның циклдық қайталануымен, рецикулдық гистеоцитарлық жүйенің зақымдануы, анемия аурудың қайталануы болуы сипатталатын жедел антропоноздық протозойлық инвазия.
Безгек масалары ауру адамды шаққан кезде гамонттарын жұтады. Масаның асқазанында олар ересек жасуша гометаларға айналады. Ұрықтанғаннан кейін жасуша Зигота масаның асқазан қабырғасына еніп, ооцистаға айналады. Ооциста өседі, құрамындағы заттар көбіктеп бөлінеді, мыңдаған спорозоидтар пайда болады. Спорозоидтар масаның сілекей бездеріне еніп адамды шаққан кезде сілекеймен жұғады.
Безгектің ауыр түрлері жас балаларда, жүктілерде жиі кездеседі, бұл бейімделу механизмінің жетілмегендігімен, тәннің қорғаныш қабілетінің жоқтығымен немесе жеткіліксіздігімен түсіндіріледі. Сондықтан, безгекке қарсы шаралар көбіне жас балалар мен жүкті әйелдерді қорғауға бағытталады. Безгекті танып білуде эпидемиологиялық м ә л і м е т т е р д і : эндемия деңгейі. ж е р г і л і к т і қоздырғыштардың таралу мерзімі, ауру басталғанға дейін эндемиялық ошақта 3 жыл бұрын болуы, ауру белгілері пайда болғанға дейінгі 3 ай аралығында қан құю немесе дәрілерді егудің, тәндегі клинико-лабораториялық белгілерді: ұстама тәрізді қызба, гепаго — және спленомегалия, қаназдық және панцитопенияны анықтаудың маңызы зор.
Диагностикасында қанның ірі тамшысы мен қан жағындысындағы қоздырғыштарды (плазмодилерді) табу шешуші орын алады.
ЕМДЕУ. Ем аурудың нақты эпидемиологиялық жағдайына, қоздырғыштың
түріне, оның тағайындалатын химиопрепаратқа сезімталдығына, аурудың кезеңі мен ауырлығына қатысты жүргізіледі. Емі қоздырғыштардың (плазмодилердің) тіршілігін жоюға, патофизиологиялық процесстерді қалыптастыруға бағытталады.
Ал безгектің ауыр, асқынған түрлерінде этиотропты еммен қатар патогенетикалық ем жүргізіледі.
АЛДЫН-АЛУ. Безгектің алдын-алу мақсатында химиопрофилактика жүргізіліп, масалардан қорғану шаралары (терезелерге тор тігу, ларьицидті дәрілер) қолданылады. Соңғы жылдары қоршаған ортаны қорғау мақсатында биологиялық әдістер кең таралуда. Ауданда су көлшіктерін масаларға қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.