Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕН БОСАП ШЫҚҚАНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕН БОСАП ШЫҚҚАНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕН БОСАП ШЫҚҚАНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Елімізде сотталғандар мен пробация қызметінде есепте тұрғандарды мамандыққа оқыту, біліктілікке қайта даярлау курстарын ұйымдастыру шаралары басты назарда тұр. Бүгінде бұл мәселемен жер-жерде жергілікті жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары шұғылданады. Мұның сыртында, аталған санаттағы азаматтарға арналған бос жұмыс орны жәрмеңкелері де тиісінше жиі ұйымдастырылып отырылады. Сондай-ақ, ауылдық округтерде де сол мәселемен арнайы айналысатын мамандар да бар. Олар бұл категориядағы азаматтарға лайықты жұмыс түрін табуға шұғылданады.
Біздің ауданымызда да тұрақты түрде осы бағытта жиындар өткізіліп тұрады. Осы жиындар барысында түзеу мекемесінен босап шыққан азаматтардың еркін өмірге араласып, ел қатарлы түзу тұрмыс кешуіне көп болып ықпал етудің кешенді жоспары жасалады және оның орындалу бағыттары талқыланап отырады. Сонымен бірге,  жазасын өтегендерді еркін өмірге бейімдеу, оңалту, еңбекпен қамту шараларына қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдарды көптеп тарту жайлары да сөз болады.
Пробациялық есепте тұрған азаматтардың еңбек етуге қатысты конституциялық құқықтары осылайша ауданымызда жан-жақты қорғалған. Ал егер оларда нарық ьалабына сәйкес келетін мамандық болмаса, онда олар кәсіпкерлікті қолдау бөлімі тарапынан ұйымдастырылған курстарға қатысып, жаңа мамандықтар ала алады.
Ш.АСАБАЕВ,
Мақтаарал аудандық Пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1