Жаңалықтар

АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қаралым: 24
      Еліміздің  Президенті  Қ.К.Тоқаевтың тікелей бастамасымен өткен жылдан бері қолға алынып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық шарасын жүзеге асыру мақсатында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасына сәйкес, аудан көлемінде ауқымды сенбілік жұмыстары жүргізілді.
         Жетісай қаласы, Асықата кенті мен барлық ауылдық округтерде өткен жаппай сенбілік барысында мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің қызметкерлері өздеріне бекітіліп берілген көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізсе, ауданның әрбір тұрғыны үйіргелік жерлерін күл-қоқыстардан, жапырақтардан тазартса, экожанашырлар  республикалық, облыстық маңызы бар автожолдар мен ішкі көшелердің бойларын күл-қоқыстардан, арық-атыздарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартып, саябақтар мен гүлзарларда, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізді.
     Осы аталмыш сенбілікке барлығы 3 мыңға тарта адам мен 15 техника жұмылдырылып, 28 тоннадай қоқыстар шығарылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *