NewsPRESS RELEASEБилік

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қаралым: 23
     Елімізде халқы тығыз орналасқан өңір – Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан әкімдігі аппаратының мәжілісінде ұжымға  жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл лауазымға – 1988 жылы ОҚО, Мақтарал ауданы, Қоңырат ауылында туылған Исмаилов Айдос Бахытжанұлы тағайындалды.
         Жаңадан тағайындаған әкім орынбасары – Айдос Бахытжанұлы 2004-2009 жылдары аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін, 2009-2012 жылдары «Мирас» университетінде құрылысшы, құқықтанушы мамандықтары бойынша білім алған.
          Мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек өтілі 11 жыл 6 ай. Отбасылы, 3 перзенті бар.
          Бұған дейін  Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасының басшысы міндеттерін атқарған Айдос Бахытжанұлы Жетісай ауданындағы құрылыс және сәулет, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларына жетекшілік жасайтын болады.
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *