Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АУДАН ӘКІМІ ҒАСЫР ЖАСАҒАН КЕЙУАНАНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » АУДАН ӘКІМІ ҒАСЫР ЖАСАҒАН КЕЙУАНАНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ҒАСЫР ЖАСАҒАН КЕЙУАНАНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

         8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Атакент кентінің 103 жастағы тұрғыны Азия Сердалиеваның шаңырағында болып, ғасыр жасаған кейуананы көктемнің шуақты мерекесімен арнайы құттықтап, сый-сияпаттарын табыс етті.
         Әулетінің ақылшысы, береке-бірлігінің ұйытқысы болып отырған әжейге аудан басшысы зор денсаулық пен амандық тіледі. Сондай-ақ, мерекемен құттықтай келген аудан басшылығына Азия әжей ақ батасын беріп, елге жасап жатқан қызметтері үшін алғыс айтты.
          Азия Сердалиева әжей 1915 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған қаласында дүниеге келген. 1956 жылы тұрмысқа шыққан. Қазіргі таңда 8 бала-шағасынан 33 немере, 90 шөбере, 26 шөпшек, 26 немене көріп отыр.
          Айта кетейік, Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аудан әкімі Б.Асанов, аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, «Аманат» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Досым Асабаев бастаған топтар ауылдарды аралап, тыл ардагерлерін, жалғызілікті қарттарды, әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы аналарды мерекемен арнайы құттықтап барды. 
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1