Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ТҮРЛІ САЛАДА ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКЕН ЖАС ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ТҮРЛІ САЛАДА ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКЕН ЖАС ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ТҮРЛІ САЛАДА ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКЕН ЖАС ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

         Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 14-29 жас аралығында түрлі салада жетістікке жеткен жас қыз-келіншектермен салтанатты кездесу кеші болып өтті.
         Мерекелік Іс-шараға аудан әкім орынбасары Серік Пірімбеков, ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшы орынбасары Уалихан Тілеуберді және түрлі салада жетістікке жеткен жас қыз-келіншектер қатысты.
          Осынау айтулы салтанатты іс-шарада ауданда еңбек ететін барша қыз-келіншектерді: «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әйел — қоғам айнасы, тәрбиеміздің бастауы. Халқымыз қашан да ананы дәріптеген, оларды отбасының ұйтқысы, ұрпақ жалғастырушысы ретінде пір тұтқан. Сондықтан әйел-анаға,қыз балаға құрмет көрсету баршамыздың азаматтық борышымыз деп білеміз. Әрдайым жүздеріңізге күлкі үйіріліп, отбасында бақытқа кенеле беріңіздер. Береке мен жылылықтың символына айналған әйел-ана, қыздар деген қасиетті атауды ешқашан кір шалмасын. Еліміздің ертеңі жарқын, келешегі кемел болсын!».- деді өз құттықтауында С.Пірімбеков.
          Әрбір отбасының құт-берекесін келтіріп отырған әйел-аналардың қадір-қасиеті туралы қанша айтылса да жарасымды.
Өйткені, дүниедегі сұлулық атаулы күн нұрынан, әйел жанының ажарынан, ананың мейірінен жаралған. Мереке қарсаңында өздерін елеп, сый-сияпат көрсеткен аудан әкімдігі мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірген қыз-келіншектер, шынайы алғыс сезімдерін жеткізді.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1