Әлеумет

ӨРТ – ҚАУІПТІ ЖАУ

Қаралым: 52
     Бұл танымды ашық сабақтың мақсаты – балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұғындыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын, өрт өшіретін қүралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық-техникалық заттарды пайдалану бойынша кауіпсіздік ережелерін айтып үйрету. Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу болса, әдіс-тәсілі ретінде – Шаттық шеңбер, әңгімелеу, түсіндіру, сурет бойынша әңгіме қортындылау қолданылды. Сондай-ақ, көрнекіліктер ретінде – АКТ, суреттер, тұрмыстық техниканың макеттері пайдаланылды.
     Сабақтың барысында бүлдіршіндерге өрттің зияны танымдық ойындар арқылы түсіндірілді, сондай-ақ, көрнекі құралдардың көмегімен оған мысалдар келтірілді. Балаларға сабақтың мақсаты түсінікті болу үшін шағын сахналандырылған қойылым көрсетіліп, ертегі кейіпкері қоян оларға өрттің зиянын түсіндіруші көмекші болды.
      Осы сабақтың арқасында балалар – өрт болғанда өзін қалай ұстауды үйренді. Өртпен ойнамауды, өрт шығаратын заттарды үлкендердің рұқсатынсыз ұстамауды түсінді. Тілсіз жаудың  алдын алып, қауіп төнгенде не істеу керектігін игерді. Сонымен бірге олар – қойылған сұраққа нақты жауап беруді, ойынды қызыға ойнауды, әдіс-тәсілдерді қызығушылықпен орындауды меңгерді. Соның нәтижесінде олар қауіпсіздік техникасын жақсы меңгеріп шықты дей аламыз.
 Венера АТАБЕКОВА,
«Үлгілі» балабақшасының тәрбиешісі. Мақтаарал ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *