Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЕЛОРДАДА ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ КЛУБЫ АШЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ЕЛОРДАДА ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ КЛУБЫ АШЫЛДЫ

ЕЛОРДАДА ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ КЛУБЫ АШЫЛДЫ

            М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-де журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды. «English speaking club» — ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын жетілдіруге және заманауи журналиске қажет құзыреттіліктерді дамытуға мүмкіндік беретін   әлеуметтік жоба, – дейді ұйымдастырушылар. 
            Аталған клуб жұмыс барысында бүкіл әлемге танымал Cambridge English, Macmillan Academy, National Geographic Publishing, Pearson Education Ltd, Oxford English бағдарламаларына негізделген үздік тілдік тәжірибелерді пайдаланады. Клуб кездесулерін халықаралық сертификаттары бар білікті мамандар өткізеді.
              «Жобаның оқыту әдістемесі коммуникативтік тәсілге негізделген. Бұл журналистерге ағылшын тілінде еркін қарым-қатынас орнатып, пікір алмасуға мүмкіндік береді. Клубтың бейресми кездесулері аптасына екі рет онлайн және офлайн форматта өткізіледі», — деп атап өтті жоба жетекшісі Айгерім Шайхеслямова.
            Сондай-ақ жетекші жоба қатысушыларын іріктеу аяқталғанын, осы аптада ағылшын тілінде сөйлеу клубының алғашқы кездесуі өтетінін айтты.
М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-дің баспасөз клубы.
8707-75-75-002.
70-30-42.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1