Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАУЫМЫЗ КЕРЕК - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАУЫМЫЗ КЕРЕК

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАУЫМЫЗ КЕРЕК

       Балабақшадағы ұлттық тәрбиенің өзектілігі тәрбиеленуші сәбилерді рухани ізгі қасиеттерге баулып, тәрбиенің көздері ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуге халықтың салт-дәстүрлерін аялай білуге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады.
         Сәбилердің жас ерекшелігін ескере отырып елін жерін қорғауда атадан балаға мирас болып қалған тарихын салт-дәстүрін, ана тілін қастерлеу, үлкенге – құрмет кішіге ізет көрсетуін мұра етіп, тәуелсіз еліміздің парасатты адамгершілігі биік білімді азаматтарын тәрбиелеуде адами қасиеттерді қамтып білімді ұлттық қасиетті түсінетін тұлға тәрбиелеу.
        Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз. Серғазы Қалиев этнопедагог, профессор: «Ұлттық тәрбиені балабақшадан бастауымыз керек. «Не ексең, соның орасың» демекші, балаларымызды қандай жолға бастасақ, олардың сол бағытты алатыны белгілі. Ал біздің ата-бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз – тәрбиеміз қазақтан басқа ешкімде жоқ үлгі» деген болатын. Демек біз өз ұлтымызда ғана бар нәрсені көздің қарашығындай сақтауымыз  керек.
         Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады.
         Қазіргі кезде халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт дәстүрі мен әдет ғұрыптарын қымбат қазына ретінде бағалап балабақшадағы тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру жағына көңіл бөлуіміз қажет. Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың жас ерекшеліктенріне сай ата-баба дәстүрі мен халықтық педагогиканы басшылыққа алып, тәрбие жұмысын ғылыми негізде ұйымдастырып, ұтымды жүргізе білуміз қажет.
Үрмат Райхан Ұлыгбекқызы,
 «Зеретай» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі,  Атакент кенті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1