Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ЖАҢҒЫРТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ЖАҢҒЫРТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ЖАҢҒЫРТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

          Қазір ХХI ғасыр білім мен ғылым заманы екенін жұртшылық жақсы біледі. Бірақ бар күші­мізді білім мен ғылымға салып, тәрбиені елеусіз қалдырсақ, ұта­рымыздан ұты­лары­мыз көп болатын­дығын ортаға­сыр­лық бабамыз ғұлама әл-Фараби нық­тап айтып кеткен ғой. Ендеше, әуелі тәр­бие, содан соң барып басқа қажеттіліктер, білім, ғылым, әде­биет, мәдениет. Ал білім, ғылым, мә­де­ниет нағыз қазақы тәрбиемен арқау­ланса, өркениет­тің шыңына даңғыл жол салынбақ.
       Ұлттық тәрбиенің көздері – фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешен­дік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтел­дер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары. Сонымен бірге отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері, туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім, ұлттық адамгершілік, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер, ізгілік сынды сапалық белгілер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттары болады. Ал осы ұлттық тәрбиенің мәселесі – адамзат тарихынан өн бойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат.
       Бүгінде адамзат өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып, Қазақстандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және тағы басқа қасиеттерді жатқызамыз.
         Сонымен ұлттық тәрбие дегеніміз ол – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбие­леуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі. Мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өр­кендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құн­дылық­тар мен жалпыадамзаттық құн­­­ды­лық­­тарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
            Қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымы­ның еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылар­дың адами құндылық қасиеттерін қалып­тастыра аламыз. Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы кө­­­­рі­­­ніс­­тері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыз­дар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, ұлттық қасиеттерге айналады. Осы ұлттық құндылықтарды оқушылардың бойларына сіңіру үшін мектебімізде тұрақты түрде түрлі рухани бағыттағы іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Бектибаева Шамшырақ Сулейменовна,
 “Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп” КММ
мектепалды даярлық мұғалімі. Есік қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1