ҚоғамМерекелік шара

СІЗДЕР ӘДЕМІЛІК ПЕН НӘЗІКТІКТІҢ ҮЛГІСІСІЗДЕР

Қаралым: 22
     Ардақты аналар мен аяулы ханымдар!
     Сіздерді шуақты көктемнің ең ізгі, мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерекесі – «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен» шын жүректен құттықтаймын!
      Елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша көңіл бөлінуінің нәтижесінде біздің қазақ қоғамындағы әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік саласында да өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде де тамаша табыстарға қолжеткізіп отыр.
      Қоғамның кез-келген саласының дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан Сіздер адал жар, қамқор ана, сенімді дос ғана емес, сонымен бірге жақсы басшы, білікті маман, іскер ұйымдастырушы болып, заман талабына сай қызмет атқарып келесіздер.
      Баршаңызды «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, әрқашанда көңілдеріңіз көтеріңкі, мерейлеріңіз үстем болсын дегім келеді! Дендеріңізге саулық, босағаларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!
Ізгі ниетпен;
ЕСЕНБЕКОВ Омар Көпжасарұлы,
Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *