ҚоғамМерекелік шара

МӘДЕНИ МҰРА – АСЫЛДАР МҰРАСЫ

Қаралым: 36
       ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында еліміздің бай тарихын жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстардың атқарылғаны белгілі. Соның арқасында өткенімізді жаңғыртып, жастардың бойында ұлттық болмыс күшейтіле бастады. Бізде осынау мағынасы ерекше іс-шараға өзіндік үлесімізді қосу мақсатында тұрақты түрде түрлі шаралар ұйымдастырып, оқырмандарымызбен жиі кездесулер өткізіп отырамыз. Сондай кезекті шараның бірін жақында ұйымдастырдық.
        Сол танымдық шара аясында ұйымдастырылған  шағын кітап көрмесінен ауылымыздағы «Береке» жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушылары ел аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер туралы құнды деректер ала алды. Бұл тарихи ескерткіштер біздің бай тарихымыздың куәгері, өткенімізден сыр шертіп, бүгінгі күнге дейін сақталып жетіп отыр. Ал біз өз кезегінде оларды кейінгі ұрпаққа аман-есен жеткізуіміз қажеттігін  насихаттай отырып, жас буынды еліне, туған жеріне және де мәдени мұраларға деген қамқорлыққа шақырдық.
       Тарихи-танымдық шара кезінде оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды және де оларға жан-жақты жауаптар алды. Қорытынды бөлімде жас оқырмандарымыз осындай тарихи маңызы ерекше шараны ұйымдастырғанымыз үшін өз ризашылықтарын білдірді.
Фарида ЮНУСОВА,
Бірлік ауылдық округі, Алғабас ауылының филиал №7 кітапхананың кітапханашысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *