Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 жылдың 16 тамызында «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының қолдау және ұйымдастыруымен ерекше мазмұнды мәдени-әлеуметтік сапар өтті. Семей қаласындағы Қоғамдық бірлестік санатындағы «Саңыраулар қоғамы» «Ауыл» партиясы жанынан ашылған «Бастауыш партия ұйымының» мүшелері тарихи мекен – Жидебайға сапар шекті.
       Сапардың басты мақсаты – ерекше қабілетті жандардың рухани өміріне серпін беру, мәдени-танымдық бағыттағы іс-шаралар арқылы қоғамдағы өз орнын толыққанды қалыптастыруға атсалысу.
       Рухани сапарға қатысушылар, ең алдымен, қасиетті Күшікбай ата басынан бастап, жолай Бөрілі мүражайын аралап, одан кейін Еңлік — Кебек басына соғып, жер кіндігі Жидебайдағы қазақтың дана ақын ұлы Абай Құнанбайұлының мұражай-үйіне экскурсия жасап, хакімнің өмір жолы мен мұрасына қатысты мол мағлұмат алды. Жидебайдың қоңыр самалы мен жусаны жұпар аңқыған кең дала тынысы, ақынның көзіндей болған жәдігерлер ерекше қабілетті қонақтардың көңілін толқытып, жүректеріне рухани жылылық ұялатты.
        Ондағы мазмұнды да ерекше бір әсерлі мезет – Хакім Абайдың «180 жылдық мерейтойы» негізінде, қарасөздері мен өлеңдерін «ым тілімен» оқу шарасы өткізілді. Қол қимылы мен мимика арқылы ұсынылған поэзия жолдары «ғибраттылыққа шақырудың» да өз тілі бар екенін дәлелдеді. Бұл көрініс тыңдаушылардың көкірегіне жарық бір ой сәулесін қондырып, жүректеріне тікелей жол тапты.
         Шара барысында, әлеуметтік гранттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолдау бағдарламалары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Партия өкілдері қоғамдағы осал топтарды қолдау – «Ауыл» партиясы қызметінің маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, бірнеше азамат партия қатарына қабылданып, төсбелгі табысталды.

Бұл тарихи тағылымды сапарды экскурсиялық қысқаша таныстырып, ұйымдастыру шарасында «Ауыл» партиясы Абай облысы бойына өңірлік филиалының өкілі Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы атқарды. Ол өз сөзінде: «Біз үшін бұл сапар – тек мәдени іс-шара ғана емес, адамдардың жүрегін сүйіспеншілікпен жылытатын, рухани көпір орнататын мүмкіндік. Абай мұрасы – бәрімізге ортақ қазына, ал оны ерекше ілтипатпен қабылдау – ерек сезім,» – деді.

         Жидебайдағы бұл күн «жүрек тілінің» — өз үні, поэзияның да өз әсем- сазга өрнектелген ырғағы бар екенін айқын көрсеткендей. Іс-шараға қатысушылар киелі мекен Жидебайдан ерекше әсермен, жаңа серпінмен оралды.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиал баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1