РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Автор: ҚалмұратҚаралым: 26
Жақында ауданымызға қуанышты хабар келіп жетті. Есімі тек Мырзашөл өңіріне ғана емес, республикамызға кеңінен танымал көкеміз Шералы Қаныбеков Оспанәліұлы – «ҚР Алтын Жұлдызы» атты республикалық байқаудың қазылар алқасының шешімімен екінші кезеңге жолдаманы жеңіп алды!
«Қазылар алқасының шешімімен, Сіздің жұмысыңыз талапқа сай деп табылып, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесіңіз және қоғамдық-саяси істерге белсенді атсалысып, атқарған елеулі еңбегіңіз еленіп, «ҚР АЛТЫН ЖҰЛДЫЗЫ» атты республикалық байқауының 2-ші кезеңіне жолдама алғаныңызды хабарлаймыз!»-делінген сол сүйінші хабар бәрімізді үлкен қуанышқа бөледі!
Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтетін сол республикалық байқаудың бар талабына әбден лайық көкеміздің, еліміздің белгілі тұлғалары мен қоғам қайраткерлерімен бірге ұлықтауыңа тілектеспіз!
Шералы Қаныбеков көкемізге тек толағай табыстар тілей отырып, алдағы уақыттарда да биік асуларды бағындыра беріңіз демекпіз!