Сондай-ақ аталған бағыт бойынша мезгілдің қорытындысы бойынша спортшылар марапатталды. Жалпы есепте бірінші орынның және кіші хрусталь глобустың иегерлері Ikuma Horishima (JAP) және Anthony Jakara (AUS) болды.
9 наурыз күні «параллель могул» бағытында әлемнің үздік атлеттерінің нағыз тартысты сайысына куә болдық.
Отандасымыз Павел Колмаков үлкен финалға өтіп, сол жақта ғана атақты канадалық фристайлшы Микаэлю Кингсбериден артта қалып, Әлем Кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды.
Ерлер:
1. Kingsbury Mikael (CAN)
2. Kolmakov Pavel (KAZ)
3. Wendler Landon (USA)
10 наурыз – фристайл сайыстарының соңғы күнінде «шаңғы акробатикасы» бағыты бойынша жеңімпаздан іріктеу кезеңіндегі жүріп өтулердің қорытындысы бойынша анықталды. Оған ауа райының күрт құбылуы себеп болды (қатты тұман және спортшылардың секіруге мүмкіндіктерінің болмауы)
Іріктеудің қорытындысы бойынша:
Ерлер:
1. Qi Guangpu (CHN)
2. Wang Guochen (CHN)
3. Lillis Christopher (USA)
Әйелдер:
1. Thenault Marion (CAN)
2. Scott Danielle (AUS)
3. Kong Fanye (CHN)
Жалпы мезгілдің қорытындысы бойынша жалпы есепте шаңғы акробатикасы бағытында ерлер арасында Qi Guangpu(CHN), ал әйелдер арасында Danielle Scott (AUS) хрусталь глобустың иесі атанды. «Жылдың жаңа тұлғасы» атағын ерлер арасында Zhang Yifan (CHN), ал әйелдер арасында Tassia Taner (USA) иеленді. Ұлт кубогын АҚШ командасы жеңіп алды.
Сайыстарға 16 елдің халықаралық деңгейдегі 100-ден астам спортшысы қатысты. Қазақстанның атынан 15 спортшы шықты. «Могул/параллель могул» бағытында 10 атлет, «шаңғы акробатикасы» бағытында 5 атлет бақ сынады.
Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) өкілдері: