Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ "НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН" АЛАДЫ МА? - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас Сүлейменовті «Нобель сыйлығына» ұсыну  туралы «Байтақ» жасылдар партиясының есептік конференциясында жарияланды.
      О.Сүлейменовтың кезіндегі Семей ядролық полигонын және басқа елдердегі осындай нысандарды жабу жолындағы күресі ел есінде.
      Оның бастамасымен құрылған «Невада – Семей» қозғалысы:
  • Семей ядролық полигонын жабуға шешуші ықпал етті;
  • ядролық қарудың адамзатқа әкелетін қауіпін кеңестік дәуірде ашық айтуға батылдық танытты;
  • ядролық сынақтарды тоқтатуға бағытталған әлемдік пікірталастарға түрткі болды.
        Бұл әрекеттер Ротблаттың, ICAN мен IPPNW ұйымдарының еңбегімен табиғаты жағынан бір деңгейде – ядролық қарудың жойқын күшін тоқтатуға бағытталған, адамзат қауіпсіздігіне арналған қозғалыстардың қатарында болды.
        «Семей ядролық полигонын жабуға бастамашы болып, бұл іске шешуші үлес қосқан тұлғаның бірі – Олжас Сүлейменов. Оның бастамасы мен Қазақстан көтерген халықаралық қозғалыстың нәтижесінде әлемнің бірнеше елінде төрт ірі ядролық сынақ алаңы, соның ішінде АҚШ-тағы Невада полигоны да жабылды» -,дейді Азаматхан Әміртай.
       Мәлімдемеде, сондай-ақ, Сүлейменовтің антиядролық бастамасы бүгінде қайта өзекті бола түскені атап өтілген, өйткені сарапшылардың пайымынша, соңғы онжылдықтарда ядролық соғыс қаупі шынымен де күшейген.
       Партия «Нобель комитетіне» ресми түрде жүгіну үшін алдымен парламент пен үкіметтің қолдауын алуға дайындалып жатыр.
       Антиядролық қозғалыстың мәні қайта артып отырған қазіргі кезеңде Сүлейменовтің еңбегін халықаралық деңгейде мойындау бұрынғыдан да маңызды. «Нобель сыйлығына» ұсынылуы  оның адамзатқа жасаған еңбегін бағалау ғана емес, сонымен бірге әлем елдеріне ядролық қарудан түбегейлі бас тарту туралы жаңа үндеу болып табылады.
       Егер Олжас Сүлейменовтің кандидатурасы мақұлданып, жеңіске жетсе  ол «Нобел сыйлығын» алған тұңғыш қазақ болмақ.
Аида КОЖМАМБЕТОВА,
Алматы қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1