Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        Алматының экологиялық мәселесі жыл өткен сайын ушығып келеді. Қала тұрғындары үшін ең өзекті проблемалардың бірі – қалың смог пен ластанған ауа. Басқа қалалармен салыстырғанда Алматыда алергиямен тағы да осы ауаның сапасыздығынан жапа шегетін науқастар көп. Қала берді биік ғимараттардың да көптеп салынуы себепті қаланың тығыздығы ауа айналымының мүлдем жоқтығын көрсетеді.

          Осы мәселені жүйелі түрде шешу мақсатында «Байтақ» жасылдар партиясы ірі экологиялық жобасын ұсынды. Партияның Алматы қалалық филиалының төрайымы Алма Караштың мәлімдеуінше, қала ауа сапасын айтарлықтай жақсарту үшін $150 миллион көлеміндегі жобаны іске асыруы мүмкін.
       1,5 мың тазарту мұнарасы – инвесторде  дайын дейді жасылдар.
       Партия Алматыға шамамен құны $100 мың болатын 1,5 мың ауа тазартқыш мұнара орнатуды ұсынып отыр. Партия басшылығының айтуынша, инвесторлар бұл жобаны бір жыл ішінде толық қаржыландыруға дайын.
         «Ағаш отырғызып Алматының ауасын тазарта алмадық сондықтан жаңа технологиялардың күшін пайдалану керек екендігін түсініп, ауаны сорып, қайтадан  филтрден өткізіп жіберетін технологияны Алматыға әкеліп жатырмыз», — деді Байтақ жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай.
        Оның айтуынша, мұндай технология бұған дейін Қытайдың Бейжің қаласында қолданысқа енгізіліп, смогпен күресте тиімділігін дәлелдеген.
         Егер бұл жоба іске асса Алматыдағы смог деңгейін бір жылдың ішінде 70 пайызға дейін төмендетуге болады дейді мамандар.
        «Байтақ» партиясының ұсынысы – Алматының ауасын тазартуға арналған ең ірі бастамалардың бірі. Егер жоба жүзеге асса, қала экологиясын айтарлықтай жақсартып, миллиондаған тұрғынның денсаулығына оң әсер етуі мүмкін. Экологтар да, тұрғындар да бұл бастаманың іске асуын зор үмітпен күтіп отыр.
        Ал ауаның сапасы бойынша жаңа ережелер күтілуде, ол қалай жұмыс жасайды арнайы қордың есебінен бе әлде тұрғын үй-коммуналдық қызметтері үшін төлеммен бе ол енді болашақтың еншісінде.
Аида КОЖМАМБЕТОВА,
Алматы қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1