Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МЕРЕКЕ АЯСЫНДА ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » МЕРЕКЕ АЯСЫНДА ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Warning: Undefined array key "tie_sidebar_pos" in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

МЕРЕКЕ АЯСЫНДА ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


 «Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың, өздеріңіздей елжанды ағаларымыздың қанымен, қайсарлығымен, аналарымыз бен қарындастарымыздың көз жасымен келген қасиетті құндылық. Бұл мереке бізге, міне, сонысымен де қымбат, қастерлі» деді Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай 1986 жылғы желтоқсаншылармен өткен жеке қабылдауында.
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы аясында Шардара ауданындағы Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңына сәйкес, саяси қуғын-сүргіндердің құрбаны болып танылып, прокуратура органдары тарапынан ақталған 3 азамат – Мұхтар Сыдықов, Дүйсен Әлайдар мен Сапаралы Ахметовке Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Б.Қ.Сермаңызов, Шардара аудандық мәслихатының депутаттары Д.Т.Бектасов, Т.С.Жалғасбаевтың демеушілігімен 150 мың теңгеден жалпы көлемі 450 мың теңге бір реттік қаржылай жәрдемақы, ем-дом шараларын қабылдауға аудандық бюджет есебінен шипажайларға жолдама берілді. Мереке аясында мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
 
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев мереке аясындағы аудандағы желтоқсан оқиғасына қатысқан 28 шардаралықты аудандық «Абай» мәдениет үйінде өткен салтанатты іс-шарада аудан басшысының алғыс хаттарын табыс етті.
 
Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жоламан Тұрлыбековтың мәліметінше жыл басынан бері Түркістан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан ардагерлер үйіне 180 жоллама берілсе, қосымша жергілікті бюджет есебінен Сарыағаш шипажайына зейнеткерлер мен ардагерлерге 192 жолдама берілген.
 
Мұнан бөлек, «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» аясында аудандағы 123 жалғызілікті қарттарға қатты отын алуға 1 793 955  теңге, жүріп-тұруы қиын І топтағы 101 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 1 473 085 теңге, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын, әлеуметтік қызмет көрсетілетін мүмкіндігі шектеулі 126 балаға 1 837 710 теңге көлемінде  біржолғы әлеуметік көмек көрсетілген.

Бауыржан НАЙМАНОВ,
Шардара ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1