Бүгінде ресми статистикаға сенсек, Түркістан облысының Мақтаарал ауданында 134 мың 818 адам тұрып жатыр екен. Негізінен ауыл шаруашылығы, оның ішінде диқаншылық саласы жақсы дамыған ауданда тұрақты түрде жаңа жұмыс орындары ашылуда. Ағымдағы жылы да жаңа жобалардың нәтижесінде тұрақты 466 жұмыс орнын ашылуы жоспарлануда.
Сол жобалардың кейбіріне тоқталып кетсек. Жақында ауданымызда «JanaASIL» мақта өндеу зауытына 150 адам, ал А.Қалыбеков ауылдық округі, Абат елді мекенінде 300 орындық оқушыға арналған «Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектеп» құрылысына 24 адам, «EL-KZ2020» ЖШС темір-бетон өнімін шығару кәсіпорнына 17 мақтааралдық жұмыспен қамтылатын болады.
Қуантарлығы ауданымызда бұлардан басқа да орта және шағын бизнес нысандары ауқымды жобаларды жүзеге асырмақ. Яғни жаңа жүмыс орындары ашылады деген сөз. Соның арқасында халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып ғана қоймай, салық түсімдері де көбейеді, демек ауданымыздың экономиквалық жағдайы да көтерілетін болады.
«Сайыпқыран.кз ақпарат».