Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚАЛАМГЕРЛЕР МЕН ӨНЕР АДАМДАРЫ – ХАЛЫҚ АЙНАСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Жас буын » ҚАЛАМГЕРЛЕР МЕН ӨНЕР АДАМДАРЫ – ХАЛЫҚ АЙНАСЫ

ҚАЛАМГЕРЛЕР МЕН ӨНЕР АДАМДАРЫ – ХАЛЫҚ АЙНАСЫ

       NIS халықаралық бакалавриат мектебінде танымал ақын және жазушымен кездесу өтті.

        NIS халықаралық бакалавриат мектебінде «Даналық бейсенбі» және «Замандастар жырлары» жобалары  аясында «Абай» мерейтойлық медалінің иегері, белгілі ақын – Жұлдызай Ысқақ және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Шабыт» халықаралық  шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты – Алмаз Мырзахметпен кездесу өтті.
        «Қаламгерлер мен өнер адамдары – халық айнасы» деп бекер айтылмаса керек. Әдеби кештің шымылдығын  Жұлдызай Ысқақтың сөзіне жазылған «Жақсы адамдар» әнімен NIS халықаралық бакалавриат мектебінің оқушысы Ақкербез Тлеубекова ашты.
        Тағылымы мол, рухани кеште оқушылардың бойыңдағы тұлғалық һәм шығармашылық ізденістеріне жаңа бағыт салынды.
        – Балалардың шығармашылық деңгейі таңғалдырды. Әдетте ғылымға бағытталған заманда әдебиет кенже қалып жатады, алайда бұл мектепте емес. Зияткер оқушылардың шығармашылық бағытың көріп, марқайып отырмын, – дейді Алмаз Мырзахмет.
        Шынайы өнер туындысы ерекше шабыттан туады. Шамырқанған шабыттан көпшіліктің көңілінен шығып, жүрегін жаулайтын өнім жасау автордың шеберлігі мен шыдамдылығына байланысты. Қаламгерге қай туындысы да ананың балаға деген махаббатындай, сезімін бөліп-жармайды осы тұста авторлардың жеке шығармашылығынан оқушылар мәнерлеп өлең шумақтарын оқыды. Сондай-ақ, 10 D сынып оқушылары Алмаз Мырзахметтің «Көгершін» әңгімесі негізінде бейнеленген Комиксті және сахналық көріністі көпшілікке паш етті.
        Қонақтарды қызықтырған жобалардың бірі – IBEASY мектепішілік газеті. Жаңа леп, жаңа толқын жастардың аталмыш жобасы аға буынды бір қуантты. Айтуларынша, үлкен бір редакциялық ұжымның жұмысын, оқушылар-ақ атқарып жүр.
        Дәстүр бойынша қонақтар мектеп кітапханасына жеке қолтаңбасымен кітаптарын сыйлады.
Әсем БАТЫРБЕК,
 НЗМ баспасөз хатшы, Нұр-Сұлтан қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1