Баяндай негізгі орта мектебінің құрметті қыз-келіншектері!
Баршаңызды көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпке-сіңлілеріміздің төл мерекесі – 8 наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.
Бүгін сіздердің мерекелеріңіз. Осы айтулы мейрам кезінде сіздердің арналатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта да толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй барлық уақытта Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш — жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сондай-ақ, Жер — дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесінде табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жайнап, жарқырай беріңіздер! Кез-келген жамандық атаулы Сіздерді айналып өтсін!
Қымбатты әріптес арулар!
Көктем мерекесі көңілдеріңізге шат-шадыман қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Барлық уақытта шаңырақтарыңызда құт-береке болып, үйлеріңізден жылылық кетпесін. Дендеріңізге зор саулық, мол бақыт, жанұяларыңызға ашық аспан, берекелі дастархан және береке — бірлік тілеймін!
Сіздерге деген құрметпен мектеп директоры: Далмурадова Айсұлу Қуанышқызы.