Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЕТІСАЙДА 30 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ГАЗ ҚОСЫЛАТЫН БОЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ЖЕТІСАЙДА 30 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ГАЗ ҚОСЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ЖЕТІСАЙДА 30 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ГАЗ ҚОСЫЛАТЫН БОЛАДЫ

         Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлының тапсырмасымен бастау алған аудан әкімі аппаратының бөлім басшыларының жергілікті БАҚ өкілдерімен атқарған жұмыстарының барысы мен атқарылар істерінің жоспарлары жайындағы брифинг өткізу ісі өз жалғасын тауып келеді. Бұл жолы аудандық тұрғын үй, коммуналды шаруашылық бөлімінің басшысы Мырзабек Әбішев журналистермен жүздесті. Атқарылған жұмыстарының есебін беріп, жоспарларымен бөлісті. Сұрақтарға жауап беріп, еркін форматта пікір алмасты.
       Бөлім басшысының айтуынша аудандағы елді мекендердің ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті қазынадан 109 млн 921 мың теңге, облыстық бюджеттен Мақталы ауылдық округінің Мақталы елді мекенінің ауыз су жүйелерінің құрылысына 312 млн 205 мың теңге, Жетісай топтасқан су өткізгішіне қосылған Жылы су ауылдық округінің Жылы су, Мырзашоқы, Байқоныс, Баққоныс және Әл-Фараби елді мекендері су жүйелерінің құрылысы нысандарына республикалық бюджеттен 156 млн теңге қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін Жылы су ауылдық округінің Байқоныс және Әл-Фараби елді мекендерінен 4021 тұрғын (804 абонент) табиғи газбен қамтылады деп жоспарланған. Көгілдір отынды көпшілікке жеткізіп беру жұмыстары әрі қарай да жалғаса бермек.
      «Қызылқұм ауылдық округінен 17, Ж.Ералиев ауылдық округінен 4, Абай ауылдық округінен 2, Ш.Ділдәбеков ауылдық округінен 1 елді мекенді газбен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 92 млн 179 мың теңге бөлінсе, Мақталы ауылдық округінің 4 елді мекенін көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, тиісті жұмыстар жүргізілуде» дейді Жетісай аудандық тұрғын үй, коммуналды шаруашылық бөлімінің басшысы Мырзабек Әбішев жергілікті БАҚ өкілдерімен өткен брифинг барысында.
        Сонымен қатар, аудандағы елді мекендердегі жаңадан түскен көшелерге электр желілерін жеткізіп беру мақсатында қосымша 27 КТП орнатылса, Атамекен ауылдық округінің 5 елді мекеніндегі жаңадан түскен көшелердегі 247 отбасыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында қосымша 5 КТП орнату, Жылы су ауылдық округіндегі 3 елді мекенге КТП орнатуға қаржы бөлдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Б.НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1