Елімізде халқы тығыз орналасқан өңір – Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан әкімдігі аппаратының мәжілісінде ұжымға жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл лауазымға – 1988 жылы ОҚО, Мақтарал ауданы, Қоңырат ауылында туылған Исмаилов Айдос Бахытжанұлы тағайындалды.
Жаңадан тағайындаған әкім орынбасары – Айдос Бахытжанұлы 2004-2009 жылдары аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін, 2009-2012 жылдары «Мирас» университетінде құрылысшы, құқықтанушы мамандықтары бойынша білім алған.
Мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек өтілі 11 жыл 6 ай. Отбасылы, 3 перзенті бар.
Бұған дейін Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасының басшысы міндеттерін атқарған Айдос Бахытжанұлы Жетісай ауданындағы құрылыс және сәулет, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларына жетекшілік жасайтын болады.