Ауыл шаруашылығыЖаңалықтарКәсіпкерлікМерекелік шара

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ АГРОСАЛАДА ОЗАТ АТАНДЫ

Қаралым: 112
         
          Түркістан қаласында, жаңадан бой көтерген  «Конгресс Холл» ғимаратында жемісті жылдың жетістіктері қорытындыланып, ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталған «Altyn kúz-2021» мерекелік іс-шарасы өтті. Арнайы өткен іс-шара Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің көрмесімен бастау алды. Қалың көпшілікке осы саладағы жетістіктер мен өнімдер, ғылыми ізденістер көрсетілді. Одан кейін салтанатты жиын өтіп, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев барша диқандар мен малшыларды, агросала өкілдерін ҚР Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтады.
             Мерекелік шараға аудан, қала әкімдері, ауыл шаруашылық еңбеккерлері мен шаруа қожалық төрағалары, облыстық мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты.
            Нағыз еңбек адамдарының мәртебесі асқақтаған жиында өңір басшысы бір топ азаматты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен және «Ауыл шаруашылығы үздігі» төс белгісімен марапаттады. Түрлі салада үздік атанған аудан, қала әкімдеріне де құрмет көрсетілді. Сонымен бірге салтанатты жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев озат агроқұрылым өкілдерін марапаттаса, бір топ БАҚ өкіліне Ауыл шаруашылығы басқармасының алғысхаттары тапсырылды.
             Жетісай ауданы «Егін шаруашылығы өнімдерін экспорттау», «Бақша өндіру», «Ауыл шаруашылығы жобаларын несиелендіру»  номинациялары бойынша озат аудан аталды. Марапат аудан әкімі Мұрат Болатұлына табысталды. Сонымен қатар мерекелік жиында Жетісай ауданы, Мақталы ауылдық округіне қарасты  «Мақталы жер» ЖШС басшысы Ғалым Дүйсенбеков «Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалауда озат агроқұрылым» номинациясына ие болса , «Кенжебай»  шаруа қожалығының төрағасы Бекзат Сабденов  «Озат бақша өндіруші» номинациясына ие болды. Жетісай ауданы Ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ерқуат Сабырұлына, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің арнайы алхыс хаты табысталды.
           Салтанатты жиынды өнерпаздар әсем әнмен қорытындылап, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *