Билік

ЖАҢАДАН ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛЕТІН ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКС ТҮСІНДІРІЛДІ

Қаралым: 32
           Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Бақыт Асанов пен аудандық соттың төрағасы Құнанбай Мұсаевтың және аппарат қызметкерлерінің, кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің, дербес бөлімдердің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің нормаларын түсіндіру мақсатында карантин талаптары сақтала отырылып жиналыс өткізілді.
         Іс-шара барысында Мақтаарал аудандық сотының төрағасы Қ.Мұсаев — әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеттері, 2021 жылғы 1-шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін  әкімшілік рәсімдік — процестік кодексімен реттелетін қатынастар, кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдардың мазмұны, әкімшілік рәсімдердің мәнін кеңінен түсіндірді және мемлекеттік қызметкерлер тарапына қойылған сұрақтарға жауап берді.
         Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Б.Асанов халық арасында жаңа заңның нормаларын түсіндіру бойынша жұмысты жалғастыру қажеттілігі туралы туралы өз пікірін білдірді.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *