Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Жыл сайынғы инвестициялық форум - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » Жыл сайынғы инвестициялық форум

Жыл сайынғы инвестициялық форум

2021 жыл, 21 мамыр, Нұр-Сұлтан.
       Қазақстандық құқық үстемдігі жөніндегі бағдарламасы инвестициялық заңнама мен инвестициялық соттардың онлайн-талқылауын жүргізді. Қазақстандық құқық үстемдігі жөніндегі бағдарлама Америка Құрама Штаттарының үкіметімен АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) арқылы қаржыландырылады және оны Америкалық заңгерлер қауымдастығының құқық үстемдігі бастамасымен (ABA ROLI) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен ынтымақтастықта жүзеге асырылады.
           Инвестициялық форумға судьялар, халықаралық сарапшылар, үкімет өкілдері және заң қоғамдастығының мүшелері инвестициялық заңнама реформаларын талқылау үшін жиналды. Талқылау соңында қатысушылар Қазақстан Үкіметіне инвестициялық қызметті реттейтін заңнама мен сот іс-тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірледі. Ұсынымдар келесі тақырыптарды қамтиды: инвестициялық дауларды шешу; Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қолдану; сондай-ақ салықтық дауларда инвесторлардың мүдделерін қорғау.
           Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшісі Уильям Мозер инвестициялық форумды ашып, келесіні атап өтті: «Шетелдік, сондай-ақ отандық инвесторларды қазақстандық нарыққа тартудағы шешуші факторы заңның үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады. Инвесторлар инвестиция жасайтын елді анықтау кезінде тұрақтылықты, болжамдықты және қарапайым әділеттілікті таңдайды». Америка Құрама Штаттарынан, Біріккен Араб Әмірліктерінен және Германиядан келген халықаралық сарапшылар инвестициялық дауларды ашық түрде шешудің үздік тәжірибесімен және халықаралық тәжірибесімен бөлісті.
         Жыл сайынғы инвестициялық форум қатысушыларға Қазақстандағы инвестициялық қызметті реттеу жүйесін жетілдіру бойынша өз тәжірибелерімен алмасуға арналған алаңға айналды.
                                                        ###
        USAID – даму мәселелері жөніндегі жетекші әлемдік агенттік және даму мақсаттарына қол жеткізудегі қозғаушы күш. Қосымша ақпарат алу үшін: usaid.gov/central-asia-regional сайтына және facebook.com/usaidcentralasia Facebook желісіндегі USAID/Орталық Азия парақшасына кіріңіз.
         ABA ROLI сот төрелігін іске асыратын, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтетін және адамның қадір-қасиетінің құрметін қамтамасыз ететін тұрақты институттар мен қоғамдарды құру мақсатында 60 елдегі жергілікті серіктестермен жұмыс жүргізеді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1