Жаңалықтар

ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

Қаралым: 26
Мақтаарал ауданының аумағында «Жаңа жыл» мерекесін тойлауға, атап өтуге, қандайда бір мерекелік іс-шаралар өткізуге қатаң түрде тыйым салынған.
Осыған байланысты аудан әкімі Бақыт Асанов бастаған аудандық прокуратура, аудандық СЭС,  аудандық полиция бөлімі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ бірлесіп,  Мақтаарал ауданына қарасты кафелер мен ресторандарға рейдтік іс-шара жүргізді.  Мұндай шаралар күн сайын өз жалғасын табатын болады.
Рейдтік шара барысында 70-ке жуық жеке тұлғаға және 25 кәсіпкерге түсіндіру жұмыстары жасалды.  Сонымен қатар, шектеулерге қарамай жұмыс істеп жатқан 2 кафенің басшысына хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Айта кетейік, карантиндік талаптар бұзылған жағдайда 30 айлық есептік көрсеткіш (жеке тұлғаларға — 83 350 теңге, кәсіпкерлерге — 640 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертеміз.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *